Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
>
Mons
16 Juin
22°C
17 Juin
24°C
18 Juin
24°C
19 Juin
21°C
20 Juin
22°C
21 Juin
25°C
22 Juin
29°C
>
Mons
16 Juin
22°C
17 Juin
24°C
18 Juin
24°C
19 Juin
21°C
20 Juin
22°C
21 Juin
25°C
22 Juin
29°C
04:54:11Вторник

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Соғыс ардагері Василий Макиенко өмірден өтті

Соғыс ардагері Василий Васильевич Макиенко өмірден өтті. СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов ардагердің туған-туыстарына, жақындарына шын жүректен көңіл айтты.

Ушел из жизни ветеран войны Василий Макиенко

Василий Васильевичтің өмір жолы – ерлік пен адал қызметтің жарқын үлгісі. Ол майданға он сегізге толмай жатып шақырылып, атқыштар полктері, оның ішінде гвардиялық құрамында ауыр шайқастардан өтті. Көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін II дәрежелі Отан соғысы орденімен және медальдармен марапатталды.

Соғыстан кейін бейбіт еңбекке белсене араласып, өңірдің дамуына елеулі үлес қосты. Су шаруашылығы саласында еңбек етіп, техникалық жабдықтау өндірісі басқармасы бастығының орынбасары қызметін 13 жыл атқарды.

— Біздің ардагеріміз өмірге құштар, белсенді және салауатты өмір салтын ұстанған, жас ұрпаққа рухтың мықтылығы мен нағыз патриотизмнің жарқын үлгісі болды. Өткен жылы ол өңір тұрғындарымен бірге Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысқан сәт барша солтүстікқазақстандықтар үшін ерекше әсерлі болды. Келесі жылы ол 100 жасқа толар еді. Василий Васильевичтің ерлігі мен еңбегі, жарқын бейнесі солтүстікқазақстандықтардың жадында мәңгі сақталады, — деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желіде.

Полицейлер алаяққа алданған зейнеткердің қаражатын сақтап қалды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *