Маусымның 6-сы — Құрбан айт
Биыл мұсылман қауымның басты мерекесі — Құрбан айт маусымның 6-на келіп отыр. Қасиетті мейрам күнтізбенің жұма күніне келмек. Жоспарлы түрде бұл күні барша Қазақстан халқы демалмақ.
Әрине, мұсылмандардың басты мерекесінде мал құрбандыққа шалынатыны белгілі. Петропавлда бұл мақсатқа арнайы орын да қарастырылған. Ол қаланың шетіндегі «Садовод» базарына жақын Косманавт көшесі, №2 жер учаскесінде орналаспақ.
Бүгіндері қасапхана санитарлық және экологиялық талапқа сәйкес дайындалып, барлық жағдай жасалған. Бұл арнайы бөлінген орында жеке адамдардың мал сатуларына да рұқсат етіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының бас имамы Хамзат Әділбековтың айтуынша, 6 маусым күні сағат 06.00-де облыстағы барлық мешітте Айт намазы оқылады. Содан кейін құрбандық мал шалуға мүмкіндігі бар және ниет еткен мұсылмандар 6-7-8 маусым күндері құрбандық мал шалады.
– Құрбандық малды 8 маусым күні күн батқанға дейін союға болады. Ірі қара малдың бағасы 550 мың теңге, қой – 70 мың теңге, жеті адам бірігіп ірі құрбан шалу 78 571 мың теңге деп бекітілді. Бұған қасапшы еңбегі, бата жасау, жіліктеп пакетке салу қызметі кіреді, — деді Хамзат Әділбеков.
Петропавлда экс-депутат сотталды