Петропавл-Мысыр бағыты бойынша ұшақтар қатынамақ
Облыс тұрғындары үшін жағымды жаңалық. Шілденің 2-нен бастап, Петропавлдан Мысырдың Шарм-эш-Шейх қаласына дейін әйе қатынасы ашылмақ.
Баршаңызға белгілі, Мысыр-Петропавл бағыты бойынша әуе қатынасы оның алдыңғы жылы да ашылған болатын. Биыл бұл бағыт қайта ашылмақ. Рейстер әуе компаниясы «Boeing 737 max9» ұшағымен орындайды. Ұшақ 213 жолаушыға есептелген. Ұшу уақыты – шамамен 6 сағат 30 минут болмақ.
Осылайша жазғы демалысын Қызыл теңіз жағалауында өткізгісі келетін тұрғындар үшін бұл өте тиімді болмақ. Өйткені бұған дейін өңір халқы шетелге демалысқа негізінен Астана арқылы ғана ұшатын. Тур бағасы мен нақты мәліметтерді туроператорлардан нақтылауға болады.
Қазіргі уақытта «Qyzyljar» халықаралық әуежайы арқылы Астанаға, Алматыға және Шымкентке әуе рейстері бар. Петропавлдан Алматыға ұшу — 30 мың теңге, Астанаға — 18 мың теңге және Шымкентке ұшу бағасы 28 мың теңге тұрады.
Көршісі пышақтап қаза тапты