Петропавлда кәсіби шеберлік байқауы өтті
Петропавлдағы Бәйкен Әшімов атындағы машина жасау және көлік колледжінде «Үздік дөңгелек жөндеуші» атты кәсіби шеберлік байқауы өтті. Бұл сайысқа үш орта арнаулы мекеменің студенттері қатысты.
Сайысқа қатысушылар көліктердің дөңгелектерін шешіп, шиналарды ауыстыру, тесілген жерлерін жамау, теңгерім жасау секілді жұмыстар жүргізу бойынша біліктіліктерін көрсетті. Олардың шеберліктерін сынаған әділқазылар алқасы қауіпсіздік ережелерілерінің сақталуы мен жұмыс сапасы, әр көлікке қызмет көрсетуге жұмсалған уақытқа баса назар аударды.
Студенттер арасындағы бәсеке қызықты әрі тартысты өтті. Қатысушылардың шеберлігін әділ қазылар алқасы жұмыстың дәлдігі мен жылдамдығына қарай бағалады. Байқау қорытындысы бойынша жақсы нәтиже көрсеткендер алғыс хат және бағалы сыйлықтармен марапатталды.