Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Петропавловск
+15°C
Пасмурно
Источник погодных данных: Ауа райы
20:02:04Четверг

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавлда есірткі сатқан азаматқа қатысты тергеу басталды

Петропавлда полицейлер Астана тұрғынын ұстап, одан жарты килограмнан астам «синтетикалық» есірткі тәркіледі. 

Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жігіт Петропавлға синтетикалық есірткі заттарын тарату мақсатында келген. Оны құқық қорғау органдары мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің СҚО бойынша департаменті қызметкерлері сәуір айында бірлескен іс-шара барысында ұстады.

Күдікті тұрған жалдамалы пәтерден және оның айтуымен жасырылған орындардан жалпы салмағы 0,5 килограмнан асатын ұнтақ тәрізді зат салынған орамалар тәркіленді. Сараптама олардың құрамында синтетикалық «α-PvP» және «мефедрон» есірткілері барын көрсетті. Қазір осы факті бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Бұл — биыл полицейлер тәркілеген ең ірі көлемдегі синтетикалық есірткі партиясы. Жалпы, қаңтар айынан бері облыста 139 есірткіге қатысты құқық бұзу тіркелді, оның 66-сы — сату фактілері. 40 келіден астам түрлі есірткі және психобелсенді заттар тәркіленген.

«Қазақстан халқына» қорының көмегі зор

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *