Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Петропавловск
+19°C
Морось
Источник погодных данных: Ауа райы
06:33:09Воскресенье

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавлдық саңырауқұлақтан уланды

Петропавлда саңырауқұлақ жеген жігіт улану белгілерімен көпбейінді қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасына түсті.

Жедел медициналық жәрдем ауруханасының мәліметінше, 21 жастағы ер адам іштің ауыруына, іштің ісінуіне, дене қызуының көтерілуіне, қалтырау мен әлсіздікке шағымданған. Сөзіне қарағанда, ол кешке саңырауқұлақ қосылған тамақ жеген. Таңертеңіне өзін нашар сезініп, емханаға барып, көмекке жүгінген. Дәрігерлер саңырауқұлақтан уланған деп күдіктеніп, оны бірден ауруханаға жіберді.

Терапия бөлімшесінде жігіт бес күн емделді. Уақытында көрсетілген көмектің арқасында қазір сырқаттың жай-күйі жақсы. Емдеу курсынан өткен ол үйіне жіберілді.

Дәрігерлер «зиянсыз» саңырауқұлақтар да, әсіресе дұрыс пісірілмесе қауіпті болуы мүмкін екенін еске салады. Ұзақ уақыт тұрып қалса да тұтынбаған жөн.

СҚО-да алаяқтар кәсіпкерлерді бопсалауға көшті

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *