Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Петропавловск
+16°C
Пасмурно
Источник погодных данных: Ауа райы
16:02:24Суббота

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-да алаяқтар кәсіпкерлерді бопсалауға көшті

Соңғы кездері облыста өздерін санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің басшысы немесе маманы ретінде таныстырған алаяқтардың кәсіпкерлерге телефон соғуы немесе бару фактілері жиілеген.

Ведомство мамандарының айтуынша, осындай бірнеше жағдай тіркелген. Көбіне алаяқтар кәсіпкерлік нысандарына телефон шалып немесе келіп, мекемеде заң бұзушылықтар бар екенін алға тартады. Кейін олар «бұл жолы көз жұма саламыз» деген желеумен ақша сұрайды немесе егер төлем жасалмаса, бірнеше есе артық айыппұл салатынын айтып қорқытады.

Алаяқтықтың бұл түрі тек кәсіпкерлерге ғана емес, қоғамдық қауіпсіздікке де қатер төндіреді. Сондықтан әрбір азамат мұқият болып, заңды білуі қажет. Мәселен санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің қызметкерлері әрқашан қызметтік куәлігін көрсетеді. Барлық тексерулер құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарында ресми тіркеледі. Қызметкерлер ешқашан қолма-қол төлемді немесе жеке банк деректерін талап етпейді.

Сондай-ақ ресми іс-әрекеттер тек заңнамамен бекітілген регламентке сай жүзеге асырылады.

Ал күмән туындаған жағдайда, мамандар СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне немесе аумақтық басқармасына хабарласуды сұрайды.

— Өзіңізді қорғау үшін қысым мен қорқытуға көнбеңіз. Барлық ақпаратты тек ресми дереккөздер арқылы тексеріңіз. Күдікті қоңырау шалынса мен келсе — бірден полицияға хабарлаңыз, — дейді санэпидқызмет мамандары.

Петропавлда есірткі сатқан азаматқа қатысты тергеу басталды

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *