Полицейлер мас жүргізушіні тоқтатты
Қоғамдық тәртіпті сақтауға шығатын полицейлерге ерекше бағыттар бойынша нақты тапсырмалар беріледі. 19 сәуірден бастап патрульдік полиция батальонының қызметкерлері «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жолдарда тексеруді күшейтті.
Мақсат – жол-көлік оқиғаларын азайту, жүргізуші тәртібін арттыру және жол қозғалысына қатысушылардың барлығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Назар әсіресе жол қозғалысы ережелерінің өрескел бұзылуын анықтауға аударылады.
Айыртау ауданында екі елді мекеннің арасында полицейлер жүргізуі сенімсіз көрінген бағытты автобусты байқап тоқтатқан. Жүргізушіден спиртті ішімдік иісі қатты шыққан. Медициналық куәландыру оның орташа дәрежеде мас екенін көрсетті. Абырой болғанда, автобус салонында жолаушылар болмаған. Жүргізушіге қатысты әкімшілік шара қолданылды.
Іс-шара барысында СҚО-да 174 мас жүргізуші анықталды. Жалпы алғанда, жолда 9 мыңға жуық түрлі құқық бұзушылық тіркелді.
СҚО-да ауыл әкімі жазаланды