Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Петропавловск
+13°C
Ясно
Источник погодных данных: Ауа райы
01:07:34Пятница

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавл — Шарм-эль-Шейх бағыты ашыла ма?

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов «Қызылжар халықаралық әуежайы» ЖШС-ның жаңа директоры Октем Мұстафа Йылтанмен жүздесті. Кездесуде әуежайдың даму перспективалары, инфрақұрылымды жақсарту және жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсарту мәселелері талқыланды.

Маңызды жаңалықтардың бірі — түнгі рейстерге рұқсат берілуі. Бұл әуежайға тәулік бойы ұшақ қабылдауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жаңа жанармай құю станциясы іске қосылды, бұл логистиканың  жақсаруына, үлкен  әуе кемелерін қабылдауға жол ашты.

Сонымен қатар, 2 шілдеден бастап Петропавл — Шарм-эль-Шейх бағыты бойынша жаңа туристік әуе рейсі іске қосылады. Болашақта басқа да халықаралық бағыттарды ашу жоспарда бар. Бұл әуежайдың өткізу қабілетін ұлғайтып, жолаушыларға қызмет көрсетуді жақсартуға және солтүстікқазақстандықтар үшін туристік мүмкіндіктерді кеңейтуге септігін тигізеді.

Берекені петропавлдық аквапаркпен байланыстыратын жол салынады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *