Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Петропавловск
+16°C
Пасмурно
Источник погодных данных: Ауа райы
14:39:21Среда

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Салынған жолдар стандартқа сай ма?

Облыста жол құрылысының сапасына бақылау күшейтілді. Инспекциялық тексеріс кезінде бірқатар заң бұзушылықтар мен олқылықтар анықталды. 

СҚО-да жол құрылысы маусымының қызған шағы. Осыған орай «Жол активтерінің сапасы ұлттықорталығы» РМК өңірлік филиалы жол құрылысы мен пайдаланылатын материалдардың сапасына бақылауды күшейтті.

Жыл басынан бері мамандар салынып жатқан автомобиль жолдарына, қайта жаңарту және күрделі жөндеу нысандарына 146 инспекциялық тексеріс жүргізді. Нәтижесінде 123 ақау мен заң бұзу анықталды. Оның ішінде 18-і жойылса, қалған 105-і түзету сатысында. Техникалық қадағалау аясында жол-құрылыс материалының 645 сынамасы алынып, зертханалық сараптама жүргізілді. Оның нәтижесі бойынша үлгінің 37% нормативтік-техникалық құжаттама талаптарына сай келмеген.

Мамандардың айтуынша, осы жылдың 3 маусымынан бастап жол құрылысы саласында жаңартылған ережелер күшіне енді. Енді тапсырыс берушілер орындалған жұмыстар мен материалдардың сапасын міндетті түрде уәкілетті ұйым арқылы сараптауы қажет.

Пробация қызметкері өрт кезінде адамдардың өмірін сақтап қалды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *