Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Петропавловск
+23°C
Морось
Источник погодных данных: Ауа райы
06:58:50Вторник

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО тұрғындары алаяққа алданып қалды

Облыста өткен аптада интернет-алаяқтықтың үш резонансты жағдайы тіркелді. Қаскөйлер өңір тұрғындарының 13 миллион теңгеден астам қаражатын иемденіп алды.

25 жастағы Петропавл тұрғыны 2 миллион теңгеден астам қаражатынан айырылып қалды. 3 маусымда Петропавл қаласының полициясына 25 жастағы тұрғын жүгінді. Алаяқтар оған WhatsApp арқылы хабарласып, өздерін «Қазпошта» қызметкеріміз деп таныстырып, сәлемдеме жеткізілуін растау үшін келген SMS-кодты айтуын сұраған. Кейін олар банк қызметкеріміз деп оның атына несие ресімделіп жатқанын айтып, бірнеше банктің қосымшаларын жүктеуге және онлайн несие ресімдеуге көндірген. Нәтижесінде алаяқтардың шотына 2 370 000 теңге аударылған. Зейнеткер 4 миллион теңгеден астам қаражатынан айырылды.

4 маусымда Айыртау ауданының полициясына Лавровка ауылының тұрғыны жүгінді. Алаяқтар оған хабарласып, өздерін электр желілері мен банк қызметкерлеріміз деп таныстырған. Олар 69 жастағы әйелді алдап, SMS арқылы келген кодты айтуға, сондай-ақ «вирусқа қарсы бағдарлама» деп аталатын қосымшаны жүктеуге көндірген. Осыдан кейін телефоны бұғатталып, депозитінен 4 287 000 теңге шешіп алынған. 37 жастағы петропавлдық 6 миллион теңгеден астам қаражатынан айырылды.

4 маусымда облыс орталығының тұрғыны Петропавл қаласының полициясына жүгінді. Алаяқтар оған байланыс операторы мен банк қызметкеріміз деп хабарласып, SIM-карта мерзімі аяқталуға жақын екенін айтқан. Олар оны алдап, SMS-кодты айтуға мәжбүрлеп, бірнеше банктен онлайн несие ресімдеуге көндірген. Зиянның жалпы сомасы 6 457 000 теңгеден астам, бұл қаржы бөгде адамдардың атына тіркелген шоттарға аударылған.

Жыл басынан облыста 268 интернет-алаяқтық фактісі тіркелді. Жәбірленушілер өз ақшаларын қорғап жатырмыз деп сеніп, оны алаяқтарға өз қолымен берген.

Петропавл — Шарм-эль-Шейх бағыты ашыла ма?

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *