Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Петропавловск
+16°C
Небольшая облачность
Источник погодных данных: Ауа райы
17:40:54Понедельник

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавлда Медицина қызметкері күні аталып өтілді

Петропавлда Медицина қызметкері күні қарсаңында салтанатты жиын өтті. Шарада облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов денсаулық сақтау саласының  мамандарын құттықтап, марапаттарды табыс етті.

— Дәрігер болу – жай ғана мамандық емес. Бұл – жанқиярлықты, табандылық пен үлкен жүректі қажет ететін ерекше миссия. Сіздер күн сайын адамдарға үміт, саулық және өмір сыйлайсыздар, —  деді өңір басшысы.

Облыста медициналық көмектің сапасын жақсарту бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде:

— Ауылдарда 46 медициналық нысан салынды — 55 мың ауыл тұрғыны сапалы медицинаға қол жеткізді

— 3 заманауи емхана пайдалануға берілді

— Медициналық жабдықтарды сатып алуға бөлінетін қаржы 1,5 есе өсіп, 8,5 млрд теңгеге жетті

— Ангиограф, МРТ, КТ, УДЗ және рентген алынуда

— Тар бейінді мамандарға 8,5 млн теңге көтермеақы төленуде

— Облыста алғаш рет қатерлі ісікті емдеуге арналған инновациялық желілік үдеткіш іске қосылды

— Бүгінгі марапаттар – сіздердің еңбектеріңізге берілген әділ баға мен қоғамның шынайы алғысының көрінісі. Кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге мықты денсаулық, отбасы амандығын және толағай табыстар тілеймін! —  деді облыс әкімі.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *