Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Петропавловск
+15°C
Пасмурно
Источник погодных данных: Ауа райы
22:06:44Пятница

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Мектептердің есепшілері мен директорларына қызықты экскурсия ұйымдастырды

Петропавлда облыстың жалпы білім беретін мектептерінің есепшілері мен директорлары үшін әйелдерге арналған түзету мекемесіне — №50 мекемеге профилактикалық экскурсия ұйымдастырылды.

Іс-шара қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру және СҚО әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның хаттамалық тапсырмасын орындау аясында өткізілді.

Бастама бюджет қаражатын басқаруға жауапты тұлғалар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға және білім беру саласындағы алдын алу шараларын күшейтуге бағытталған.

Экскурсия барысында қатысушыларға сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарының құқықтық салдары, сотталғандардың ұсталуы жағдайлары туралы айтылып, нақты сот тәжірибесінен мысалдар келтірілді. Мұндай кездесулер қызметтік міндеттерді орындауда заң талаптарын сақтау мен жеке жауапкершіліктің маңыздылығын еске салады.

Петропавлда Медицина қызметкері күні аталып өтілді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *