Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Петропавловск
+17°C
Туман
Источник погодных данных: Ауа райы
02:54:01Вторник

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавлдық аяқдопшылар «Ақтөбемен» тең түсті

Қазақстанның футболдан Премьер-лига командалары арасындағы кезекті матчтар өтті. 12-ші тур аясында петропавлдық «Қызылжар» клубы өз алаңында «Ақтөбені» қабылдады.

Бұл ойында «Ақтөбе» футбол клубы фаворит ретінде қаралды. Десе де қызылжарлықтар оңай шағылар жаңғақ екендіктерін көрсетуге тырысты. Матч басталысымен жерлестеріміз қарсылас қақпасына лап ете түсті. Алайда қауіпті шабуылдары еш нәтиже әкелмеді.

Екінші таймда қонақтар есепті ашуға жақын тұрды. Алайда ала доп қақпаға дарымай жатты. Десе де Оралхан Өміртаев ойынның 69-шы минутында «Қызылжар» қақпасына гол дарытты. Бұл үш ұпайды қоржынға салуға ақтөбеліктер жақын тұрды. Бірақ қызылжарлықтар қайткенмен де есепті теңестіруге тырысты. О

йынның аяқталуына 4 минут қалғанда солтүстікқазақстандықтандық таразы басын теңестірді. Нәтижелі соққы Андрей Васильевтің еншісінде. Қорытынды есеп 1:1.

Мектептердің есепшілері мен директорларына қызықты экскурсия ұйымдастырды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *