Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
>
Mons
20 Juil
23°C
21 Juil
19°C
22 Juil
20°C
23 Juil
19°C
24 Juil
17°C
25 Juil
21°C
26 Juil
21°C
>
Mons
20 Juil
23°C
21 Juil
19°C
22 Juil
20°C
23 Juil
19°C
24 Juil
17°C
25 Juil
21°C
26 Juil
21°C
03:18:33Понедельник

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Kozybayev University алғаш рет әлемдік рейтингке кірді

Kozybayev University алғаш рет әлемдегі ең беделді рейтингтердің бірі — QS World University Rankings 2026 тізіміне енді! Дүние жүзіндегі 8,5 мың жоғары оқу орнының ішінен тек 1,5 мыңы ғана финалдық тізімге кірді.

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті 1401+ тобына енді. Бұл рейтингте Қазақстанның 20 университеті бар,  және олардың қатарында біздің оқу ордамыздың болуы — үлкен жетістік. Бұл — университет ұжымының сапалы жұмысы, стратегиялық дамуы мен қажырлы еңбегінің мойындалуы.

Бұл жетістікке қол жеткізуге мемлекеттік қолдау, АҚШ, Еуропа, Қытаймен әріптестіктің дамуы, жаһандық форумдарға қатысу, академиялық ұтқырлықтың артуы, өңірлік академиялық және ғылыми экожүйенің нығаюы, білім мен зерттеулер сапасына ерекше назар аудару ықпал етті.

Сонымен қатар, оқу-зертханалық корпус пен заманауи жатақханалардың салынуы университеттің инфрақұрылымдық әлеуетін күшейтті.

— Жаһандық рейтингке ену — бұл тек мәреге жету емес, жаңа серпінді даму жолының бастамасы. Осы үлкен жетістікпен студенттерді, оқытушыларды және серіктестерді шын жүректен құттықтаймын! — деп жазды өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов әлеуметтік желіде.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *