Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Петропавловск
+19°C
Морось
Источник погодных данных: Ауа райы
17:07:52Суббота

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

23 маусым — Мемлекеттік қызметшілер күні

Бүгін Мемлекеттік қызметшілер күні екені белгілі. Ел игілігі үшін қызмет етіп келе жатқан мейрамға орай облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов әлеуметтік желіде жазба қалдырды.

Облыс әкімі 23 маусымда елімізде Мемлекеттік қызметші күні аталып өтетінін алға тартып, Президент мемлекеттік қызметке жоғары талаптар қояды — кәсібиліктің, ашықтықтың және елге адал қызмет етудің үлгісі болу керектігін айтты.

— Республиканың тұрақты дамуы тікелей мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігіне байланысты. Бүгінде олар – қоғамдағы ауқымды өзгерістердің негізгі қозғаушы күші. Солтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік қызметшілері өңір экономикасының дамуына, институттардың нығаюына және мемлекеттік бастамалардың жүзеге асуына елеулі үлес қосып келеді.
Барша мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге зор денсаулық, амандық, жаңа жетістіктер мен алға қойған мақсаттарыңыздың сәтті жүзеге асуын тілеймін! Мереке құтты болсын! — деп жазды облыс әкімі.

Санитар дәрігерлер 47 су айдынын бақылауға алды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *