Олимпиада күніне орай сәбилерге ерекше құрмет көрсетілді
Бүгін 23 маусым – Халықаралық Олимпиада күні. Айтулы мерекеге орай, Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитеті еліміз бойынша дүниеге келген барлық сәбилерге ерекше құрмет көрсетті. Бұл игі шара дәстүрлі түрде жыл сайын «Олимпиада күні туған» атты акция аясында ұйымдастырылады.
Аталған акция аясында дәл осы күні туған нәрестелерге естелік сыйлықтар, олимпиада чемпиондарынан арнайы құттықтаулар мен сертификаттар табысталды.
Игі бастама еліміздің 240 перзентханасын, оның ішінде 17 облыс пен Астана, Алматы, Шымкент сынды ірі қалаларды қамтыды. Сәбилерге ағылшын тіліндегі «Olympian is born» деген жазуы бар бодилер мен жылы лебіз жазылған ашықхаттар сыйға тартылды.
Петропавлдағы облыстық перзентханада бүгін бес сәби дүниеге келді.