Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Өңір экономикасы 9,4 пайызға өсті

Облыс әкімдігінде өңір басшысының төрағалығымен жиын өтті. Отырыста соңғы 5 айда аймақ экономикасының даму көрсеткіштері талқыланды.

Жиында биылғы 5 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары талқыланып, есепті кезеңнің қорытындысы бойынша облыс экономикасы 9,4%-ға өскені белгілі болды. Негізгі салаларда тұрақты өсім байқалды. Олар құрылыс — +28,9%, сауда — +12,5%, өңдеу өнеркәсібі — +12,2%, ауыл шаруашылығы — +7,5%, тұрғын үйді пайдалануға беру — +7,6%, инвестиция — +6,7%.

Жиында облыс әкімі бұл нәтижелер барлық деңгейде үйлесімді жұмыстың жемісі екенін атап өтті. Отырыс қорытындысы бойынша нақты тапсырмалар берілді. Ғауез Нұрмұхамбетов экономикалық көрсеткіштердің өсуін қамтамасыз етуді, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мен инвесторлармен жұмысты күшейтуді және құрылыс пен тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарының орындалуын бақылауда ұстау қажеттігін алға тартты.

СҚО-да кадр мәселесі өзекті

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *