Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
>
Mons
26 Juil
24°C
27 Juil
21°C
28 Juil
18°C
29 Juil
20°C
30 Juil
21°C
31 Juil
22°C
1 Août
23°C
>
Mons
26 Juil
24°C
27 Juil
21°C
28 Juil
18°C
29 Juil
20°C
30 Juil
21°C
31 Juil
22°C
1 Août
23°C
00:39:16Воскресенье

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-да кадр мәселесі өзекті

Облыста кадр тапшылығы өзегін жоймай отыр. Кәсіпкерлер палатасы жүргізген сауалнаманың нәтижесі бойынша жұмыс берушілерге 1886 маман қажет. Өңірдің М. Жұмабаев ауданына — 254 адам, Қызылжар ауданына — 196, Есіл ауданына — 157 және Тимирязев ауданына 127 кадр керек екен.

— Кадрларға тұрақты жоғары сұраныс бар тағы бір сала — білім беру. Бұл секторға 487 маман қажет, бұл — барлық қажеттіліктің 16% және ол өткен жылғы көрсеткішпен шамалас. Мемлекеттік басқару және сауда салаларында да маманға сұраныс жоғары — әрқайсысында шамамен 350 жұмыс орны бар. Ал ғылым, мәдениет және әкімшілік қызмет салаларында кадр қажеттілігі ең төменгі деңгейде, — дейді СҚО кәсіпкерлер палатасы адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы Ирина Торопова.

Сауалнама нәтижесіне сүйене отырып, кәсіпкерлер палатасының мамандары сұранысқа ие топ-10 мамандықтың тізімін жасады. Биыл бұл тізімді тігіншілер бастап тұр, өңірге 312 тігінші керек. Одан кейінгі орында өрт сөндіру инспекторлар келеді, 200 маман қажет, 178 логопед, 142 тракторшы-машинист және 92 аспазға сұраныс бар. Сондай-ақ, 87 инженер-механизатордың орны бос, 75 орман шебері — яғни, учаскелік мемлекеттік орман инспекторлары, 65 мектепке психолог, 61 дене шынықтыру пәнінің мұғалімі керек. 54 бос жұмыс орнымен автослесарьлар да сұранысқа ие мамандықтар қатарына енді.

Олимпиада күніне орай сәбилерге ерекше құрмет көрсетілді

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *