Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Петропавловск
+16°C
Пасмурно
Источник погодных данных: Ауа райы
22:11:12Пятница

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Ара шаққан петропавлдықты жансақтау бөліміне жатқызды

62 жастағы азаматқа дереу медициналық көмекке жүгінуге тура келді. Ол көпбейінді қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасына барып, оны ара шағып алғанын жеткізген. Салдарынан басы айналып, қан қысымы төмендеп кеткен.

Белгілі болғандай, тұрғынға ара шағуына аллергиялық реакция, анафилактикалық шок диагнозы қойылды.

Науқасты жәндік досының омартасында шағып алған. Араның бізгегін ол өзі алып тастапты. Кейін денесі қалтырап,  бас айналып және ара шаққан жер қызарып кеткен. Оған қоса,  артерия қысымы төмендеп, жалпы әлсіздік пайда болады.

— Науқасқа дереу медициналық көмек көрсетіліп, адреналин және гормон берілді, кезекші реаниматолог шақырылды. Пациент шұғыл түрде реанимация бөлімшесіне емдеуге жатқызылды,- деп жазылған аурухананың әлеуметтік желідегі парақшасында.

Жағдайдың ауырлығына қарамастан, ер адам басында емделуге жатудан бас тартпақ болыпты.  Дәрігерлер оны қалуға көндіріп,  өміріне төнген қауіп пен оның болуы мүмкін салдары туралы түсіндірген. Қазір жай-күйі тұрақтандырылғаннан кейін пациент терапия бөлімшесіне ауыстырылды.

Полицейлер 27 адамға құжат берді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *