Жарияланған күні: 25.06.2025
Футболдан Қазақстан Кубогы: «Қызылжар» мен «Ордабасы» командалары тең түсті
Биыл ел кубогының жартылай финалына «Қызылжар», «Ордабасы», «Жеңіс» және «Тобыл» командалары жолдама алған болатын. Петропавлда өткен ойында жерлестерімізге шымкенттік клуб қарсылас атанды.
Қазақстан Кубоыгының жартылай финалының алғашқы ойынында «Қызылжар» мен «Тобыл» командалары бір-бірінің қақпаларына гол соға алмады. Бірінші таймда екі клубта да есепті ашуға мүмкіндік болды. Алайда қырағы қорғаныстағы ойынның арқасында таблода 0:0 есебі сақталды.
Екінші таймда жерлестеріміз көбірек қорғанысқа көңіл бөлді. Осылайша, төрешінің ысқырығына дейін есеп өзгермеді. Енді жеңімпаз Шымкентте өтетін матчта анықталмақ.
Ара шаққан петропавлдықты жансақтау бөліміне жатқызды