Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Петропавловск
+22°C
Облачно
Источник погодных данных: Ауа райы
06:39:07Суббота

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Полицейлер 27 адамға құжат берді

Облыстың көші-қон полициясы жеке куәліксіз жүрген 27 адамға құжат істетіп берді. «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында көші-қон қызметкерлері құжатсыз азаматтарды анықтауға, олардың азаматтығын белгілеуге және құжаттандыруға жұмыстарды жүргізді.

Көші-қон полицейлері адамның өмірбаянын, қолда бар құжаттарын зерттеп, куәгерлерден жауап алады. Қажет болған жағдайда басқа мемлекеттерге де сұрау жолданады. Мысалы, мұндай шаралар 46 жастағы азаматқа қатысты қабылданды. Ол бала кезінде ата-анасымен бірге Одесса қаласынан Петропавлға көшіп келген. Мұнда әртүрлі мектептерде оқыған, кейін әртүрлі жұмыс атқарған, алайда ешқашан құжат алмаған. Оның жеке басы мен шетелдік азаматтығының жоқтығы расталған соң, полиция қызметкерлері тиісті құжаттарды жинады. Қазіргі таңда әлеуметтік бейімделу орталығында тұрып жатқан азамат өмірінде алғаш рет жеке куәлік алды.

Жыл басынан бері СҚО полиция департаментінің көші-қон қызметі құжатсыз жүрген 27 азаматтың құқықтық мәртебесін анықтауға көмектесті.

СҚО-ға жылына 280 мың турист келетін болады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *