Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Петропавловск
+14°C
Облачно
Источник погодных данных: Ауа райы
01:49:01Среда

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығы бұзылды

Облыс прокурорлары мүгедектігі бар азаматтардың құқықтарының бұзылуын анықтады. Қадағалау органының тексерісі нәтижесінде жұмыс берушілердің заңсыз түрде жеке табыс салығын ұстағаны әшкере болды, деп жазады

2023–2024 жылдары Ақжар, Есіл, Мамлют, Тайынша, Шал ақын және Ғабит Мүсірепов аудандарында 366 мүгедектігі бар қызметкерден заңсыз түрде 16,9 миллион теңге жеке табыс салығы ұсталған. Бұл – Салық кодексіне тікелей қайшы.

Фото: zakon.kz

Мәселен, Есіл ауданында білім бөлімінің лауазымды тұлғалары мүмкіндігі шектеулі балалардың 24 заңды өкілінен 1,7 миллион теңге салықты негізсіз ұстапты.

Прокурорлық шаралар нәтижесінде азаматтарға 6,2 миллион теңге қайтарылды. Қалған соманы өндіру бағытындағы жұмыс жалғасып жатыр. Әлеуметтік осал топтардың құқықтарын қорғау – облыс прокуратурасының тұрақты бақылауындағы басым бағыттардың бірі.

Футбол: «Қызылжар» мен «Астана» тең түсті

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *