Петропавлда қыз-келіншектер бизнеске ұмтылуда
«Атамекен» кәсіпкерлер палатасының облыстық филиалының бастамасымен қыз-келіншектерге арналған бизнес курстары өтуде. «Табыс Қыз» атты оқу семинары тегін жүргізіліп келеді.

Әзірге бизнес жүргізуге ұмтылған 10 қыз өздері үшін жаңа саланы игеруге ынтық. Нәзік жандылар 25 күн бойы білікті оқытушылардан бизнестің қыр-сырын игермек.
Тегін курсты бастамас бұрын өңірдегі кәсіпкер әйелдер арасында іріктеу өткіздік. 10 азаматшаны іріктеп алынды. Нәзікжандыларға 21 тамызға бизнесті жүргізудің негізгі аспектілерін қамтитын 8 модуль негізінде оқудан өтеді. Білікті мамандар маркетинг, қаржы және жеке тиімділік сияқты маңызды бағыттар бойынша бар білгендерін үйрететін болады.
Оқыту курсының алғашқы модулі салықтық және бухгалтерлік есептің қыр-сырына арналды. Оқыту курсы соңында қатысушылар арнайы құжат алады.

