Тамыздың ауа райы қандай болмақ?
Биыл шілденің шіліңгір ыстығын тұрғындар сезіне алмады. Тамыз айында да ауа оң қабақ танытпайды. Синоптиктердің мәліметінше, тамыз айында ауа райы тұрақсыз болады. Бірде жаңбырымен ерекшеленсе, енді ыстық күндер қайта оралуы мүмкін.

«Қазгидромет» ақпаратына сәйкес, шілденің соңында келген циклонның әсері аймаққа жауын-шашын мен найзағай әкеліп, күннің күрт суытуына себеп болады. Мамандардың айтуынша, екінші тамыздан бастап ауа температурасы төмендейді.
Тамыз айында орташа температура +16,9…+18°C аралығында болады. Жалпы бұл көпжылдық нормаға сай. Алайда ауа температурасы құбылмалы болмақ. Мәселен, айдың басында: күндіз +23…+28°C, түнде +13…+18°C-қа дейін жылы болады деп болжанып отыр. Ал, орта тұсында: күндіз +25…+30°C дейін ысиды. Кейін қайтадан +20…+25°C-қа түседі. Тамыздың соңғы күндері түнде +5…+10°C, күндіз +13…+18°C-қа дейін төмендейді.
МӘМС заңындағы өзгерістер талқыланды

