Жергілікті билік МӘМС жүйесінде осал топтарды қаржыландырады
Шілденің 14-і Мемлекет басшысы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңға енгізілген өзгерістерді ресми бекітті. Жаңашылдықтардың маңыздылығына «ӘМСҚ» КЕАҚ СҚОФ директоры Айнагүл Давлетчина тоқталды.

Оның сөзінше, заң қаржылық тұрақтылықты және денсаулық сақтау жүйесінің дамуын қамтамасыз етеді. Заң 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап халықтың әлеуметтік осал топтарындағы бір миллионнан астам адамды медициналық сақтандыру жүйесімен қамтуға мүмкіндік береді.
— 2027 жылдан бастап мемлекет тарапынан жарналар көлемін ұлғайту және жоғарғы шекті көбейту бойынша есептеу базасын өзгерту бойынша болжанатын нормалар есебінен МӘМС жүйесінде айтарлықтай елеулі қаражат жинақталатын болады, — Айнагүл Давлетчина.
МӘМС жүйесімен қамтуды кеңейтуге мүмкіндік беретін жаңа шаралар енгізілді. Енді билік әлеуметтік әл-ауқаттың дағдарысты және шұғыл деңгейіне жататын азаматтар үшін жарналар төлейтін болады. Бүгінде өңірде бұл топқа 26 312 адам жатады.
Онкологиялық скринингтер 2025 жылдың екінші жартыжылдығынан бастап ТМККК тізіміне өтеді және МӘМС жүйесінде сақтандырылған мәртебесіне қарамастан барлық азаматтар үшін тегін болады. Сондай-ақ, 11 әлеуметтік мәні бар ауруға күдік туындаған жағдайда консультативтік-диагностикалық көмек тегін көрсетілмек.
Қазіргі кезде өңір халқының 82,6%-ы сақтандырылған болса, 92 мың жан сақтандырылмаған мәртебесіне ие.

