Жарияланған күні: 05.08.2025
Түзету мекемелерінде 35 жұп некесін қиды
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №51 мекемесінде сотталған азамат пен оның сүйіктісінің неке қию рәсімі өтті. Олардың некесі ресми түрде АХАТ өкілінің қатысуымен тіркелді.
Жыл басынан бері өңір мекемелерінде бұл ресми тіркелген 35-ші неке. Бұл көрсеткіш бостандық пен болашаққа деген сенімнің, адами құндылықтардың сақталып отырғанының дәлелі.
Мекеме әкімшілігі мұндай бастамаларды қолдай отырып, оларды тәрбиелік жұмыстың бір бөлігі және сотталғандардың қоғамға сәтті оралуының маңызды құралы ретінде қарастырады.

