Петропавл қысқы маусымға дайындалуда
«Қыс қамын жаз ойла» демекші, Петропавл суық маусымның дайындықты күшейті. 2025–2026 жылдардағы жылыту маусымының басталуына аз уақыт қалды. Солтүстік өңірдің негізгі жүктемесі Петропавл қаласына түсетіні белгілі. Өңір басшысы Петропавл ЖЭО-2 нысанында болып, жөндеу жұмыстарының барысын қарап, жиналыс өткізді.

— Жылыту маусымына дайындық мәселесі Мемлекет басшысының ерекше бақылауында. Президент Петропавл ЖЭО-2-дегі жөндеу жұмыстарын уақтылы аяқтауды, сондай-ақ жылумен және электр энергиясымен жабдықтау жүйелерін жаңғыртуды қамтамасыз етуді тапсырды, — деді СҚО әкімі.
Биыл Петропавл жылу электр орталығында №2 турбагрегатқа күрделі жөндеу жүргізіліп, көмір жеткізетін теміржол жолдары жөнделді. Сондай-ақ №1 және №4 қазандық агрегаттары, №6 турбагрегат ағымдағы жөндеуден өтті.
Бұған қоса, №2 қазандық агрегатын, №3 және №11 қазандық агрегаттары мен №6 турбагрегатқа күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Барлық жұмыс бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде. Бүгінгі таңда жалпы көлемнің 60%-дан астамы орындалды. Бұл алдағы маусымды тұрақты әрі үзіліссіз өткізуге негіз болады.
Сонымен қатар, Ғауез Нұрмұхамбетов, жылыту көздерін дайындаумен қатар, тұрғын үй қорын да мұқият әзірлеу қажеттігін атап өтті. Қала бойынша 271 көппәтерлі тұрғын үйдің жылыту жүйелерін жуу және қысыммен сынау жүргізілген. Бұл ретте қала әкіміне осы бағыттағы бақылауды күшейту тапсырылды. Барлық дайындық жұмыстары 15 қыркүйекке дейін толық аяқталуы тиіс.

