Жарияланған күні: 06.08.2025
Қоқыс полигонында басқа оқ тиген ер адам табылды
Облыс орталығы маңындағы қатты тұрмыстық қалдықтарды тастайтын полигонда жарақат алған ер адамның денесі табылды. Алдын ала ақпарат бойынша 23 жастағы азаматтың басына оқ тиген.

СҚО ПД баспасөз қызметі ақпаратты растады. Ер азаматтың денесі тамыздың 6-сы күні қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында табылды.
— Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тексеріс басталды. Қазір мән-жайды анықтау үшін тергеу амалдары жүріп жатыр,- деп қысқа қайырды СҚО ПД баспасөз қызметі.
СҚУ-дың оқу корпусында Абай муралы пайда болды

