Петропавлда Абайдың 180 жылдығы аталып өтілді
Қазақтың Ұлы ақын Абайдың туғанына — 180 жыл. Айтулы күн еліміздің түкпір-түкіпірінде аталып өтілді. Ойшыл, философтың туған жерінде ұлан асыр той өтсе, Петропавлда зиялы қауым өкілдері Абай мен Пушкин ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойды. Бұдан бөлек, облыс орталығында Абай конференциясы өтті.
Облыс әкімі, қала басшылығы жән зиялық қауым өкілдері Абай мен Пушкин ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, Ұлы ақынның рухына тағзым етті. Өңір жетекшісі Ғауез Нұрмұхамбетов, қазақ әдебиеті мен тарихында із қалдырған тұлғаның мұрасы өшпейтінін жеткізді.

— Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!
Абай – қазақ ұлтының ар-ожданы, сөз өнерінің шыңы, адамгершілік пен парасаттылықтың символы. Оның мұрасы – мәңгілік. Абайдың әрбір өлеңі мен қара сөзі – ұлтты ұйыстыратын, адамзатты биік мақсаттарға жетелейтін рухани қазына.
Бүгінгі ұрпақ Абай ілімінен өнеге алып, оның рухани мұрасын жаңғырту арқылы елдік сананы күшейтіп келеді. Бұл – Абайға деген шынайы құрметтің белгісі.
Осы айтулы күнде баршаңызға денсаулық, береке, татулық және Абай аманатына адалдық тілеймін. Ұлы Абайдың сөзі – жүрегімізде, рухы – халқымен бірге мәңгі жасайды! — деп әлеуметтік желіде жазды облыс әкімі.


