СҚО-да 16 мас жүргізуші ұсталды
Қала аумағында жасырын патрульдеу жүргізілуде. Солтүстік Қазақстан облысында тәртіп сақшылары «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасы аясында жұмыс істеп жатыр.
Петропавлға кіреберістегі қала сырты жолдарында тәртіп сақшылары жолдың жүру бөлігін тарылту тәсілін де пайдаланады. Бұл жүргізушілердің назарын күшейтуге ықпал етеді. Бұдан бөлек, автожанармай бекеттерінде де жүргізушілермен тілдесіп, жолдағы жағдайды, көліктің техникалық күйін, жүргізушілердің өз денсаулығын сұрайды.

Жеті айда СҚО жолдарында 308 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 419 адам жарақат алды. СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының мәліметінше, тек демалыс күндері өңірде 800-ден астам жол ережесін бұзу дерегі анықталып, 16 мас жүргізуші ұсталды.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, апаттылықты азайту – барлық жол қозғалысына қатысушылардың тәртібі мен жауапкершілігіне байланысты. Бұл қоғамда нығайтылып жатқан «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасында көрініс тапқан.

