Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО тұрғынын бұқа сүзіп, қабырғаларын сындырған

Облыста 51 жастағы тұрғынды бұқа сүзді. Салдарынан ол жарақат алып, ауруханаға жүгінген. 

Көпбейінді қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасына облыс тұрғыны кеуде қуысының сол жағының қатты ауыратынына шағымданып, көмекке жүгінді. Оның айтуынша, оны бірнеше күн бұрын бұқа сүзген. Ер адам өздігінен басылады деп, ауырсынуды басатын дәрі қабылдаған. Бірақ ауырғаны күшейгенідіктен, ол емдеу мекемесіне келуге мәжбүр болған.

Жарақат пунктінде науқасты травматолог, терапевт пен хирург қарап-тексерді. Кеуде қуысына рентгенография жасалып, оның сол жақтағы алты қабырғасының сынғаны анықталды. Өкпенің қабыну қаупі мен асқынулардың дамуы ескеріліп, науқас жедел түрде травматология бөлімшесіне жатқызылды.

Мамандардың айтуынша, стационарда ол үнемі бақылауда болды, ауырсынуды басатын, асқынуға қарсы және тыныс алу терапиясын қабылдады. Бүгінде жағдайы жақсарып, қанағаттарлық күйде ауруханадан шықты, десек те енді ол үйде амбулаториялық ем қабылдап, тыныс алу гимнастикасын жасауы тиіс.

Құрылысшыларға мемлекеттік наградалар табысталды

 

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *