Петропавлда күйеуін пышақтаған әйел 11 жылға сотталды
Петропавлда күйеуімен арақ ішіп, кейін пышақтап өлтірген әйелге қатысты сот үкімі шықты. Сот Сутченко Ольганы кінәлі деп танып, 11 жылға бас бостандығынан айырды.
Облыстық соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, ақпанда айында Петропавлда Ольга мен Юрий Сутченко арақ ішіп, кейін ұрысып қалған. Салдарынан келіншек күйеуіне бірнеше рет пышақ салды. Өкінішке қарай, Юрий бірден көз жұмды.

Ольга Сутченко сотта өз кінәсін мойындаудан бас тартты. Ол кикілжің кезінде күйуеі оған пышақ алып оқталғанын алға тартқан еді. Сотта оның сөзі жоққа шықты. ы.
— Жәбірленуші Т. Г. Григорьеваға Сутченко Ю. В. 23 ақпан 2025 жылы оған кеудесінің кесілгенін көрсетіп, фотосурет жіберді. Астына «міне, ол маған қайшымен жасады», деп жазған. Бұрын Сутченко Ю. В. сотталушының, яғни Сутченко О. В. жанжал кезінде үнемі пышақ, қайшы, шанышқыны ала жүгіретінін айтқан, — деп жазылған сот ісінде.
Ерлі-зайыптылар арасында тұрмыстық жан-жал үнемі болған. 2019 жылы 21-ші қазан күні келіншек күйеуінің денсаулығына қасақана зиян келтіргені үшін сотталған. Ал, ақпан айындағы жанжал ер адамның өмірін алып кетті. Әйелге сот үкім шығарды.
— Ольга Владимировна Сутченко Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі 99-бапта 1-бөлімде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық бойынша кінәлі деп танылсын және оған 11 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалсын. Жазасын орта қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесінде өтесін. Жәбірленушілер Зубачева Анна Ивановнаның, Сутченко Виктор Николаевич, Григорьева Татьяна Геннадьевнаның азаматтық талабы ішінара қанағаттандырылсын»-деген сот үкімі шығарды.
Ольга Сутченкодан жәбірленушілердің пайдасына 11 миллион теңгеден артық өтемақы өндіру туралы да шешім қабылданды.

