Жарияланған күні: 19.08.2025
Аққайың ауданында жасөспірімді белтемірде тапты
Аққайың ауданындағы Кенжеғалы ауылында жасөспірім көз жұмды. Ресми мәліметке сәйкес, баланың жасы 17-де. Ол ауласындағы белтемірге асылып қалған.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.
— Полиция болған оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтау үшін қажетті тергеу іс-шараларын жүргізіп жатыр. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге мәліметтер жария етуге жатпайды, — делінген баспасөз хабарламасында.
Элеватор иелері жаңа ережелерге қарсы

