Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Элеватор иелері жаңа ережелерге қарсы

Облыстағы элеваторлардың иелері Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің жаңа бастамаларына қарсы. Олар ұсынылған түзетулер заңды жұмыс істеп отырған кәсіпорындарды көлеңкелі секторға итермелеуі мүмкін. Мәселе СҚО Кәсіпкерлер палатасы жанындағы агроөнеркәсіптік кешен кеңесінде талқыланды.

СҚО кәсіпкерлер палатасы баспасөз қызметінің мәліметінше, агенттік әзірлеген құжатқа сәйкес, элеваторларға «негізгі қуат» мәртебесі беріліп, олардың жұмысына жаңа талаптар қойылмақ. Бұл жобаны қазір «Атамекен» ҰКП сараптамадан өткізіп жатыр.

Астық қабылдау кәсіпорындары өкілдері жаңа нормалар жұмысты бәсеңдетіп, бәсекелестікке кедергі келтіреді деп санайды. Олар бұл мәселеге қатысты ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне, Ауыл шаруашылығы министрлігіне және «Атамекенге» ұжымдық хат жолдаған.

—Облыста 45 лицензияланған элеватормен қатар, көптеген тіркелмеген кәсіпорын жұмыс істейді. Заңды жұмыс істеп жатқан бизнес қысымға алынып отыр, ал көлеңкелі нарық ешқандай талапсыз жұмыс істейді, — дейді «Северное зерно» компаниясының негізін қалаушы, Қазақстанның Астық одағының өкілі Евгений Карабанов.

Бұдан бөлек кәсіпкерлер қосымша шығындардан қауіптенеді. Агенттіктің элеваторларға өтінімдерді қабылдау үшін жеке интернет-ресурс құру талабы жаңа қызметкерлер алуды қажет етеді, салдарынан фермерлерге қосымша салмақ түседі.

Кәсіпкерлер палатасының өкілдері де талаптарды қатаңдату лицензияланған элеваторларда сақталатын астық көлемін азайтып, «көлеңкеге» әкетуі мүмкін екенін айтады.

— Біздегі сақтаудағы 30 млн тонна дақылдардың тек жартысын ғана лицензияланған элеваторлар қамтамасыз етіп отыр. Егер жаңа талаптар қабылданса, олардың үлесі одан әрі азаюы ықтимал, — дейді СҚО Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Бауыржан Ахметаев.

Мамандардың айтуынша, қазіргі уақытта Qoldau.kz платформасы бар, тек оған қажетті функцияларды қосып жетілдіру қажет.

Демалыс күндері Петропавлда 10-нан астам мас адам ұсталды

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *