Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-ға Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелері келді

Облысқа Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелері жұмыс сапарымен келді.

Сапар аясында делегация Петропавл қаласындағы бірқатар әлеуметтік және медициналық мекемелерді аралады. Атап айтқанда, комиссия мүшелері қалалық №1 емханасында болып, жасөспірімдер мен жастардың репродуктивті денсаулығын сақтау, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударды.

Сонымен қатар, «Күштерімізді біріктіріп — жасөспірімдер мен жастардың репродуктивті денсаулығын сақтаймыз» тақырыбында семинар ұйымдастырылды. Іс-шараға орталық және жергілікті мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар, облыс әкімдігі жанындағы аймақтық комиссия мүшелері, сондай-ақ денсаулық сақтау мен білім беру саласының мамандары қатысты. Қатысушылар жас ұрпақтың репродуктивті денсаулығын қорғау мәселелеріндегі өзекті проблемалар мен ведомствоаралық ынтымақтастықтың болашағын талқылады.

Жұмыс сапарының негізгі мақсаты – отбасы және гендерлік саясатты жүзеге асырудағы тәжірибе алмасу, өзара ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ ана мен баланы қолдауға бағытталған бастамаларды дамыту болып табылады.

Аққайың ауданында жасөспірімді белтемірде тапты

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *