Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Бірлік пен келісімге — 30 жыл

Петропавлда Қазақстан халқы Ассамблеясы филиалының XXIX сессиясы өтті. Жиынға Ассамблея төрағасының орынбасары Марат Әзілханов және өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов қатысты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев XXXIV сессияда берген тапсырмасына сәйкес, мәдениет пен өнерді «Әралуандықтағы бірлік» қағидатын ілгерілету ісіне белсенді тарту қажет. Бұл бағыттағы жұмыстар біздің өңірде жүйелі түрде жүзеге асырылуда.

— Облыстық ассамблея ұлтаралық келісімді нығайту, мемлекеттік тілді насихаттау және жастарды қоғамдық өмірге тарту бағытында белсенді жұмыс жүргізуде. Ассамблея өкілдері нағыз азаматтық жауапкершіліктің үлгісін көрсетуде. Бұл – еліне адал қызмет ететін, сөзі мен ісі үндес «Адал азамат» ұғымының шынайы көрінісі, — деді өңір басшысы.

Сессия — бірлік пен қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталған өзекті мәселелерді талқылайтын тиімді диалог алаңына айналды.

Сонымен қатар, сессия барысында өңірдегі бірлік пен татулықты нығайтуға қосқан үлесі үшін белсенді қатысушылар «Алғыс» төсбелгісімен және алғыс хаттармен марапатталды.

Петропавлда жаңа мектеп салынып, 30-дан астам ғимарат күрделі жөндеуден өтті

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *