Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Қала әкімі мәслихат депутаттарына есеп берді

Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиев мәслихат депутаттарының алдында есеп беріп, әкімдіктің алдағы жоспарларымен бөлісті. Оның сөзіне сүйенсек, биыл шаһардың 7 көшесінің жолы орташа жөндеуден өтті.

Қалада Жамбыл Жабаев, Аяған Шәжімбаев, Новая және Ыбырай Алтынсарин көшелерінде орналасқан үйлерде тұратын азаматтарды жылумен қамту мақсатында жаңа магистраль салынып жатыр. Жоба құны 5,7 млрд. теңгеге бағаланып жатыр.

— Ағымдағы жылы «Таза Қазақстан»акциясы аясында 900-ге жуық шара өткізілді. Саябақтар мен аулалар тазаланды. Көшеттер отырғызылды. 350 тонна қоқыс шығарылды,- деді қала әкімі.

Қала әкімі қаладағы жол желілерінің ұзындығы 366 км құрайтынын алға тартып, биыл жеті көшеде орташа жөндеу жүргізілгенін айтты. Оның сөзіне қарағанда алдағы уақытта тағы 30 шақырымды жолды тақтайдай тегіс қылу жоспарлануда.

Петропавлдық зейнеткер жоғары оқу орнына түсті

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *