Петропавлдағы Назарбаев зияткерлік мектебінің директоры ауысты
Петропавлдағы Назарбаев зияткерлік мектебінде ауыс-түйіс. Бұған дейін білім ошағының басшысы қызметін атқарған Данияр Уәлиевтің орнына Виктор Сосин келді. Ал бұрынғы басшы енді Өскемендегі мектепті басқармақ.

Виктор Сосиннің NIS жүйесіндегі еңбек өтілі 15 жылдан асады. Ол өзінің кәсіби жолын Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде мұғалім қызметінен бастаған. 2019 жылдан бері аталған мектептің директоры қызметін атқарып келді.
Виктор Сосин – «Болашақ» бағдарламасының түлегі, Қазақстан-Британ техникалық университетінің ақпараттық жүйелер мамандығы бойынша магистрі және Англиядағы Сассекс университетінің білім беру магистрі. Көп жылдар бойы математикалық олимпиадалар бойынша құраманың жаттықтырушысы, математикадан олимпиаданың қазылар алқасының мүшесі болды. Қазіргі таңда CIS сарапшысы.
Петропавлда зейнеткерді көлік қағып кетті

