Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Есірткіні жарнамалаған 70-тен астам ресурс бұғатталды

Петропавлда интернет бизнесімен жүйелі күрес жүргізіп жүрген анонимді қолданушы бар. Ол күн сайын дерлік полицейлерге есірткі сататын интернет-дүкендердің «жарнамалары» мен курьерлерді іздеу туралы хабарландырулардың сілтемелерін жолдайды. Осылайша, наурыз айынан бері оның көмегімен жастарды нашақорлық пен есірткі бизнесіне тартуы мүмкін 70-тен астам ресурс бұғатталды. 

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, полицейлер актерлердің көмегіне жүгініп, көшеге «есірткі жасырушыларды» шығарды. Олар алдын ала дайындалған муляжды тықты немесе жасыпынған «есірткіні» іздеді.

— Мақсат халықтың әсерін байқау, әрбір адамның есірткіге және есірткі қылмысына қарсы күреске үлес қоса алатынын еске салу еді. Тәртіп сақшылары тұрғындардың әрекетіне назар аударып, кімнің болған жағдайды видеоға түсіргенін, полицияға хабарласқанын немесе жай ғана өтіп кеткенін белгіледі.

Орта есеппен әрбір бесінші петропавлдық полицияға жүгінді, олардың басым бөлігі жастар болды, — деді СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Руслан Үмбетов.

Жыл басынан бері басқарманың сенім телефонына — 5, WhatsApp нөміріне 9 хабарлама түсті. «102» арнасына түскен ақпараттар бойынша 3 қылмыстық іс қозғалды.

Облыста қару сақтаудың ережесін елемеген 190 адам жауапқа тартылды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *