Жарияланған күні: 27.08.2025
Жыл басталғалы 270 адамнан туберкулез анықталды
2025 жылдың сегіз айында туберкулез инфекциясына қарсы скрининг аясында 476 квантиферонды тест алынып, олардың 168-і оң нәтиже көрсетті.

Қауіп тобындағы 734 адамның 84,5%-ы, яғни 623 адамға диаскинтест жүргізілді. Нәтижесінде 41 адамнан туберкулез инфекциясы анықталды. Сонымен қатар жыл басынан бері науқаспен байланыста болған 713 адам тіркеліп, олардың 270-інен туберкулез инфекциясы табылды.
Мамандардың айтуынша, туберкулез инфекциясы анықталған, бірақ белсенді туберкулезі жоқ адамдарға химиопрофилактикалық ем тағайындалады. Бұл – инфекцияның белсенді түрге айналмауы үшін керек.
Тамыздың 28-і күні «Қайраттың» қарсыласы анықталады

