Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО әкімі «Sensitive» театрын ШЫҰ халықаралық сахнасында өнер көрсетуімен құттықтады

Солтүстік Қазақстан облысының «Sensitive» би театры Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) халықаралық сахнасында өнер көрсетті. Бұл – өңіріміз үшін үлкен мәртебе және еліміздің мәдени беделін арттыратын маңызды оқиға екенін атап өткен жөн.

Театр ұжымы Қытай Халық Республикасының «Кішкентай дельфиндер» атты инклюзивті шығармашылық тобымен бірлескен қойылым ұсынып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Мұндай мәдени байланыс – елдер арасындағы достық пен өзара түсіністікті нығайтудың жарқын көрінісі.

Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов театр мүшелерін айтулы жетістіктерімен құттықтап, жылы лебізін білдірді

— Өңіріміздің дарынды жастарының халықаралық деңгейде танылып, өнер арқылы жаңа серпін беруі – бүкіл қоғам үшін үлкен өнеге, — деді өңір басшысы.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *