Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-да қанша нысан мүгедектерге бейімделіп жасалған?

Мүгедектігі бар адамдардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету және олар үшін қолжетімді ортаны қалыптастыру мақсатында Солтүстік Қазақстан облысында 909 әлеуметтік инфрақұрылым нысаны толық бейімделді.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында 2025-2030 жылдарға арналған инклюзивті саясат тұжырымдамасы, «Аманат» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған жол картасы және Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген «Халықпен бірге» жобасы іске асырылуда.

«Amanat» партиясының жол картасында 2023-2027 жылдар аралығында интерактивті қолжетімділік картасына (бұдан әрі — Карта) енгізілген 42 мыңнан астам нысанды бейімдеу бойынша жұмыс көзделген. Жыл сайын осындай объектілердің 20%-ы бейімделуі тиіс. Осылайша, 2023 жылы — Картадағы объектілердің 20%, 2024 жылы — 40%, 2025 жылы — 60%, 2026 жылы — 80%, 2027 жылы — 100%-ы бейімделеді. Қазіргі уақытта ел бойынша 23611 нысан толықтай бейімделген.

Бүгінгі таңда Солтүстік Қазақстан облысында 909 нысан бейімделді. 2025 жылдың соңына дейін 931 нысанды бейімдеу жоспарланып отыр.

Бейімделген нысандардың жалпы санынан мүгедектігі бар адамдардың барлық санаттары үшін қолжетімділері:

— денсаулық сақтау нысандары– 81;

— білім беру нысандары — 301;

— мәдениет нысандары — 74;

— мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдар — 299;

— спорт нысандары — 23;

— әлеуметтік қорғау нысандары — 7;

— көлік инфрақұрылымы нысандары — 10;

— кеңселер — 13;

— сауда нысандары менойын-сауық орталықтары — 92;

— басқада нысандар — 9.

СҚО әкімі «Sensitive» театрын ШЫҰ халықаралық сахнасында өнер көрсетуімен құттықтады

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *