Жарияланған күні: 30.08.2025
СҚО әкімі тұрғындарды Конституция күнімен құттықтады
СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов өңір тұрғындарын Конституция күнімен құттықтады. Аймақ жетекшісі жылы лебізін әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жеткізді.

— Баршаңызды еліміздің мерейлі мерекесі – Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймын! Біз елдігіміздің тұғыры – Ата Заңымызды ерекше қастерлей отырып, оның әрбір қағидасының өмірлік ұстанымға айналуын басты құндылық ретінде бағалап келеміз. Соның нәтижесінде асқар асуларды бағындырып, биік белестерге көтерілдік, еңселі де қуатты мемлекетке айналдық.
Баршаңызды осы маңызды мерекемен құттықтай отырып, елімізге тыныштық, әр отбасыға бақ-береке тілеймін! — деп жазды СҚО әкімі.

