Петропавлда Қазақстан халқы тілдері фестивалі өтті
Петропавлда «TIL FEST» фестивалінің ашылу салтанаты өтті. Шарада мемлекеттік тілдің өткені мен бүгіні жайлы сөз болды. Өзекті мәселер туралы сөз қозғалып, шешу жолдары талқыланды. Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Жүсіп Жұмағұлов қатысты.

— Бұл күннің Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен тұспа-тұс келуі бекер емес. Ағартушымыздың өмірі мен еңбегі — ел болу жолындағы ұлтты сүюдің жарқын үлгісі. Бүгінгі күні еліміз — түрлі этнос өкілдерінің ана тілі мен мәдениетін дамытуға жағдай жасап отырған бірегей мемлекет,- деді Жүсіп Рахатұлы.
Шарада мемлекеттік тілдің дамуына елеулі үлес қосқан жандардың еңбегі еленді. Олардың бір тобы Ғылым және жоғары білім министрінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Басқосу концертпен жалғасын тапты. Қазақтың рухты әндері шырқалып, күй шертілді.
Саңырауқұлақ теріп адасып кетті

