Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Саңырауқұлақ теріп адасып кетті

Жамбыл ауданы Троицкое елді мекенінің тұрғыны саңырауқұлақ теру үшін үйінен шығып кеткен. Әйел кешіккендіктен жұбайы алаңдап, полициядан оны табуға көмектесуді сұрады.

Жоғалған әйелді іздеуге полиция қызметкерлері жұмылдырылды. Оларға көмекке ауыл тұрғындары қосылды. Іздестіру жұмыстарын ұйымдастыруды аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімшесінің бастығы Жоламан Аубакиров қолына алды.

Жергілікті тұрғындар мен тәртіп сақшылары топ-топқа бөлініп, жақын маңдағы ормандарды түгелдей аралап шықты. Іздеу жұмыстары шамамен үш сағатқа созылды. Кешке қарай майор Аубакировтың тобы зейнеткердің даусын естіп, шаршаған әйелді тауып, орманнан алып шықты.

Ауыл тұрғыны бала кезінен жер жағдайын жақсы білгенімен, бұл жолы бағдарынан жаңылып, кешке дейін орман ішінде жүрген. Полицейлер оны ауылынан шамамен 10 шақырым жерден тапты. Зейнеткер тәртіп сақшыларына және іздеу жұмысына қатысқан барша адамға алғысын білдірді.

Қыстың қамын жазда ойламасаң күзде ойлауға асық

 

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *