Жарияланған күні: 08.09.2025
СҚО ауыл шаруашылығы басқармасының орынбасары тағайындалды
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары қызметіне Асхат Рамазанов тағайындалды. Мемлекеттік қызметші көп жылдар бойы қалалық әкімдікте жұмыс істегенін атап өткен жөн.

Асхат Рамазанов 1993 жылы тамыздың 26-сы күні Петропавл қаласында дүниеге келген. 2016 жылы ол СҚМУ-ды «Заңгер» мамандығы бойынша бітірді.
Асхат Рамазанов еңбек жолын қалалық әкімдіктегі ТҮКШ бөлімінде бас маман қызметінен бастаған. 2020-2022 жылдар аралығында өңірдің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасында еңбек етті. Кейін аталмыш басқарманың бөлімінде басшы лаузымында болды.
2023-2025 жылдары ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының бөлімінде жетекші қызметін атқарды.
Петропавлда қазақ театры жаңа маусымын ашты

