СҚО әкімдігінде Президент жолдауы талқыланды
СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтың төрағалығымен өткен әкімдіктің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты жолдауын жүзеге асыру талқыланды.

— Біздің өңір үшін бұл Жолдау ерекше мәнге ие. Аймақ аграрлық ресурстарға, дамыған инфрақұрылымға және білікті кадрларға бай. Міндетіміз — осы мүмкіндіктерді жаңа басымдықтар мен заман талабына сәйкес тиімді пайдалану»,- деді өңір басшысы.
Президент жаңа инвестициялық циклді бастау туралы тапсырма берді, бұл өңірлік даму үшін маңызды серпін болмақ. Жолдау шеңберінде өңдеу өнеркәсібіне басымдық беретін инвестициялық жобаларды іске асыру күшейтілмек. Сонымен қатар, өңірлік инвестициялық карта жасалып, оның негізінде ЖИ перспективті салаларды анықтап, нақты инвестициялық сұранысты қалыптастыруға септігін тигізеді.
Жолдауда ауыл шаруашылығының дамуына ерекше назар аударылады. СҚО аграрлық инновациялардың көшбасшысы ретінде танылған. Цифры тауарлы- сүт фермаларын құрудағы тәжірибе ұлттық деңгейде кеңейтілетін пилоттық жобаға айналды. Алда жасанды интеллекттіні жаппай енгізу арқылы ауыл шаруашылығының өнімділігі мен тұрақтылығын арттыруды жалғастырылмақ.
Инфрақұрылымды дамыту — тұрақты өсу негізі болып табылады. Инженерлік желілерді жаңарту, әлеуметтік саланы дамыту, денсаулық сақтау мен білім беру объектілерін салу және жаңғырту жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
-Солтүстік Қазақстан облысы заман талабына сай жаңа міндеттер мен сын-қатерлерге толық дайын. Біз белгіленген басымдықтарды нақты іске асырып, еліміздің тұрақты және технологиялық дамуына елеулі үлес қосуға ниеттіміз,- деді облыс әкімі.

