Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Облыстық әкімдікте ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті

Облыстық әкімдікте өткен жиында құқықбұзушылықтардың алдын алу мәселелері қаралды. 

Облыста жүйелі идеологиялық және ағартушылық жұмыс жүргізілуде. Білім беру, еңбек ұжымдары және ақпараттық ресурстар арқылы құқықтық мәдениет, азаматтық жауапкершілік пен заңға құрмет қалыптасуда.  Құқықтық ағарту ісінің маңызды бағыты — «Халық заңгері» акциясы. Оның аясында облыс тұрғындарына тегін заңгерлік кеңес көрсетілуде. Кітапханаларда құрылып жатқан құқықтық ақпарат орталықтары халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға елеулі үлес қосуда.

СҚО әкімдігінің ақпаратынша, бүгіндері облыста жастарға ерекше назар аударылып отыр. Біздің өңір жасанды интеллект технологияларын белсенді түрде енгізіп жатқан алғашқы өңірлердің бірі. Жасөспірімдер қылмысының алдын алу мақсатында «Protector AI»  жүйесі 14 мектепке орнатылған, жыл соңына дейін тағы 24 мектепке енгізілмек.

Отырыс қорытындысы бойынша облыс әкімі нақты тапсырмалар берді: аудандық деңгейдегі ведомствоаралық комиссиялардың жұмысын күшейту, идеологиялық және құқықтық жұмысты барлық деңгейде үйлестіруді арттыру, құқықбұзушылықтардың алдын алу саласында заманауи технологияларды енгізу және белсенді пайдалануды жалғастыру.

Петропавлдық келіншек дихлоулануфостан уланды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *