СҚО-да 2028 жылы қалайыны өндіру жұмыстары басталады
Облыс әкімі Solidcore Resources компаниясының бас атқарушы директоры Виталий Несиспен кездесу өткізді. Аталмыш компания өңір аумағында стратегиялық маңызы жоғары жоба — «Сырымбет» қалайы кен орнын игеру жұмысын жүзеге асыруда. Жобаның жалпы инвестициялық көлемі 150 млрд теңгені құрайды.


Аталған жобаның жүзеге асырылуы өңір экономикасының дамуына қуатты серпін беріп, 800-ден астам жаңа жұмыс орнының ашылуына мүмкіндік береді.
Solidcore Resources құрамына кіретін «Tin One Mining» АҚ мен Айыртау аудандық агротехникалық колледжі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бұл — тау-кен өндірісі саласына қажетті білікті мамандарды даярлауға бағытталған маңызды қадам.
Жобаны іске қосу 2028 жылға жоспарланған. Жұмыстардың іске асырылу барысы Мемлекет басшысының тікелей бақылауында.

